Сән әлемі – әрбір әйел затының ең осал тұсы. Бұл тақырыпта әңгіме қозғамас бұрын, тән сұлулығы мен жан сұлулығын ажыратып алайық. Жан сұлулығы ол – адамның ішкі сана-сезімі, жан дүниесі. Көп жағдайда ішкі жан дүниесі сұлу болған адамның, мейірімділігі, адал жан дүниесі бетінен көрініс табады, жүзінен нұр шашып тұрады. Тән сұлулығы дегеніміз – адамның сыртқы келбеті, сыртқы көрінісі! Оның алдамшы болуы мүмкін. Былайша айтқанда, «сырты бүтін, іші түтін» болуы ғажап емес. Сән әлемі десе, құдды бір кеше ғана пайда болып, жер жүзіне жаңадан тараған дүниедей көрінеді. Алайда «сәндену», «сәндік» ұғымдары сонау тас дәуірінде Еуропада пайда болған. Ал қазіргі таңда дамып, жоғары сатыға дейін өсіп жатыр десек артық емес.

Бүгінде өзгерем десең, бес-ақ минутта өзгертіп береді. Негізінде әр нәзік жандының өзіндік табиғи сұлулығы болады. Бірақ сол сұлулыққа көңілі толмай, яғни бір нәрсе жетіспей тұрған секілді көрінеді. Сол кезде сән салонының тигізер көмегі зор. Алайда бет әлпеттің тез қартаюы, әжім түсуі сол химиялық бояулардан болады.

Бірақ ол дүниені де білдіртпейтін нәрсе, ол – пластикалық ота. Қазір пластикалық отаның түр-түрі бар. Мұрның қисық болса, түзетіп береді, көзіңді қалыпқа келтіреді береді. Яғни, өзің қалағандай жасайды. Ойымша пластикалық ота әйел затын тез қартайтуға алып келетін секілді. Өз басым бұл дүниеден өте қатты қорқамын. Себебі жаңалықтар естуім бойынша,жақында пластикалық ота жасатқан әйел отаның зардабынан өмірден озыпты. Яғни, барлық пластикалық ота жақсы шығады деген сөз емес. Сондықтан өзіңіздің табиғи сұлу қалпынызда қалыңыз, сізге сол көбірек жарасады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!