Әлеуметтік кодекстің жобасы биыл Парламенттің қарауына жіберіледі.
Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бала көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көбейетінін айтты.
Жаңа жылдан бастап бала күтімі бойынша төлем 1,5 жасқа дейін беріледі. Әлеуметтік кодекстің жобасы биыл Парламенттің қарауына жіберіледі. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Отбасының цифрлық картасы іске қосылмақ.
«2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша төлем мерзімі 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзартылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасының балаларына берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама азық-түлік, киім-кешек түрінде емес, ақшамен беріледі. Наградасы бар аналардың жәрдемақысы өседі», – деді министр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!