Жасөпірімдер арасындағы әрбір 5-інші бала – мектептегі зорлық-зомбылықтың құрбаны. 11-15 жастағы жеткіншектердің 17%-ы буллингтің құрбаны не болмаса соның қатысушысы болады. Көбіне бұл түйткілді мәселе оқушылар арасында белең алған. Психологтардың айтуынша, осындай мәселеге душар болған бала есейген шақта міндетті түрде жас кезінде алған соққының зардабын көреді. Яғни, ол физикалық емес, моральдық тұрғыда жан ауруына ұшырайды десек болады.
Психологтар буллингтің әрбір түрі қауіпті екенін назарға салады. Себебі дер кезінде тұзақ салынбаған салғырттықтың кесірінен баланың сол қалпында қалыптасып кету қаупі жоғары. «Тәрбие тал бесіктен» демекші, озбырлықтың алдын алу қажет. Отбасындағы айна – бала. Жылы қарым-қатынас пен жанұяның жылы көңілі шырғалаңдағы жас жеткіншек үшін маңызды.
Баланы игі іс жасауға дағдылау, мейірімділікке тәрбиелеу қажет. Сыйластық пен достық – отбасындағы басты құндылықтардың бірі. Сонымен қатар үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйретіп, баланың ортаға бейімделуін қадағалау да маңызды тәрбие бөлшегі.

Назерке ОҢДАБАЕВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!