Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы. Сол арманға жету жолында аянбай тер төккен, ел тағдыры сынға түскен сәттерде қайсарлық танытқан азаматтардың еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Осындай ардақты жандардың бірі – 1991 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы, бір салада Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде 20 жыл үздіксіз еңбек еткен Гүлнар Әбукәлиқызы.

Желтоқсанның ызғарлы күндерінде әділдік пен еркіндік үшін алаңға шыққан жастардың арасында Гүлнар Әбукәлиқызы да болды. Ол кезде ел болашағы қыл үстінде тұрған еді. Қуғын-сүргін мен қысымға қарамастан, ұлттық намысты ту еткен қайсар қазақ қыздарының бірі ретінде тәуелсіздік үшін күрес жолынан тайған жоқ. Бұл – нағыз азаматтықтың, Отанға деген адалдықтың көрінісі.

Еліміз егемендік алғаннан кейін де Гүлнар Әбукәлиқызы қоғам өмірінен шет қалған жоқ. Ол табаны күректей жиырма жыл бойы Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде адал еңбек етіп, кәсіби біліктілігімен, ұқыптылығымен және адамгершілік қасиетімен әріптестерінің зор құрметіне бөленді. Ол өз ісін жай қызмет емес, елге қызмет ету деп білді.

Оның өмір жолы – жас ұрпаққа үлгі, тағылымды тәрбие мектебі. Ол тәуелсіздіктің оңай келмегенін, бейбіт өмірдің артында қаншама қайсарлық пен төзім жатқанын өз ғұмыр жолымен дәлелдеп келеді.

Бүгінгі таңда ардақты апайымыздың еңбегі ел жадында. Оның өмірі – тәуелсіздік тарихының бір бөлшегі, ал есімі – елге адал қызмет еткен азаматтар қатарында.

Тәуелсіз елдің тұғыры биік, болашағы нұрлы болсын! Осындай елжанды, еңбексүйгіш азаматтарымыз аман болып, құрмет төрінен көріне берсін.

Ақнұр МАХМУТОВА,
Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!