Талдықорған әкімдігі 160 миллион теңгені негізсіз жұмсамақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заңсыздықты Жетісу облысының прокурорлары анықтады.
«Талдықорған қаласының әкімдігі аулаларды абаттандыру туралы жобалау-сметалық құжаттамаға жеке құрылыс компаниясы орындап тастаған инженерлік желілерді (жылу трассасы, кәріз жүйелері) тарту бойынша шығыстарды қосқан», – деп мәлімдеді ведомство.
Қадағалау актісі бойынша жобалау құжатына түзету енгізілді. Көрсетілген сомалар мен жұмыстар алынып тасталды.
Ал кінәлі мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!