Жетісу облысының әкімшілік орталығының жаңа әкімі Ернат Базил қанша жалақы алатынын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ернат Базил Жетісу облыстық әкімінің орынбасары ретінде бұрын 1 млн 25 мың теңге алған. Жаңа лауазымында жалақысы азырақ.

«Егер еңбек өтілі 14 жылдан асса, онда 1 млн 149 мың 420 теңге алады. Ал мен қала әкімі ретінде 919 мың 536 теңге аламын», – деді қала басшысы.

Ернат Базил 2023 жылғы 30 маусымда Талдықорғанның жаңа әкімі болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!