Талдықорғанда анасы баласын тәртіпке салу үшін сарайға қамап тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Артем Лебедев әлі он жасқа толмаған. Соған қарамастан ол өз анасынан бірнеше рет физикалық зорлық-зомбылық көрген.
Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілдігі бастамасымен комиссия құрылып, оның құрамына Талдықорған қаласының білім және денсаулық сақтау басқармасының басшылары, облыстық балалар омбудсмені, әлеуметтік сала өкілдері кірді.
Комиссия мүшелері Лебедевтер отбасы тұратын үйге барып, олардың тұрмыс жағдайын көрген. Анасы мен екі баласы антисанитарлық жағдайда, бейберекет өмір сүрген. Ал әйел алкогольді жиі пайдаланатынын және балаларды қорлағанын жоққа шығармады. Светлана Лебедева тоғыз жасар ұлы Артемді аязды күнде сарайға қамап қойған.
Қамқоршылық органдары сотқа әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы талап арызбен жүгінді. Қазір іс қаралып жатыр. Үлкен баласын өз анасынан қорғау мақсатында Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!