Талдықорғанда төрт жасар бала бассейнге батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде 1 тамыз күні Талдықорғандағы бассейндердің бірінде бала суға батып кеткені туралы ақпарат тарады.

Хабарлама облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде расталды. Құтқарушылар тобына отбасылық демалыс орталықтарының бірінен қоңырау түсті.

«Шақыру орнына жеткенде, ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала бассейнге құлап, суға батып кеткені анықталды. Жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткен, алайда баланы аман алып қалу мүмкін болмаған. Қазіргі таңда Талдықорған қалалық ІІБ қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде», – деп хабарлады Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!