Фото:freepik.com
Мен – келешекке сеніммен қадам басқан жас ұрпақтың өкілімін. Арманым асқақ, мақсатым айқын, болашағым жарқын. Бірақ сол жарқын болашаққа апарар жолда адамды адастыратын, өмірін күйрететін қауіпті дерт бар. Ол – есірткі.
Есірткі бір ғана адамның емес, тұтас бір отбасының, тіпті ұлттың қасіреті. Ол сананы тұмшалап, жүректегі үміт шырағын сөндіреді. Кеше ғана шаттыққа толы күлкі бүгін мұңға айналып, асқақ армандар қараңғылыққа жұтылады. Бір ғана қателік, бір тамшы у бүтін бір ғұмырды күл-талқан етеді.
Жастық адасу үшін емес, алға ұмтылу үшін берілген ең қымбат кезең. Біз өз тағдырымызға өзіміз жауаптымыз. Сондықтан мен өмірді, денсаулықты, арманды, отбасымды және елімді таңдаймын.
Құрметті жас өрен, жүректеріңнің үніне құлақ асыңдар. Менің ұстанымым – дені сау, саналы, рухы мықты ұрпақтың өкілі болу әрі салауатты, жауапты, белсенді өмірді таңдаймын және жарқын болашаққа сеніммен қадам басамын. Бұл менің өмірлік таңдауым, азаматтық ұстанымым және елге деген адал ниетім. Әрбір жас дұрыс таңдау жасап, өз болашағын өзі қалыптастырсын. Таңдау – сенің қолыңда!
Бақытжанова Аружан Досымжановна,
№272 орта мектебінің 10 сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!