Ерте, ерте, ертеде кең далада Айдос есімді жасөспірім бала өмір сүріпті. Ол ойлы, ізденімпаз және болашағын ойлайтын оқушы екен. Айдос мектебінде жақсы оқып, кейде өмір жолын қалай таңдау керегін түсіне алмай қиналатын .Бір түні ол түс көріпті. Түсінде ол биік төбеге шығып, екі түрлі жолды көріпті. Бір жол қысқа әрі жеңіл көрінгенімен, айналасы қараңғы болыпты. Екінші жол ұзақ, тастақты, бірақ жарық екен. Сол кезде Дана Қария пайда болып, білім, еңбек пен жауапкершілік қана адамды биікке жеткізетінін айтыпты. Айдос ойланып, жарық жолды таңдаған. Жол бойында ол қиындыққа тап болып, бірақ берілмепті. Ол кітап оқып, еңбектеніп, өзіне сенуді үйреніпті. Бірте-бірте жол соңында үлкен қала көрініпті. Айдос сол қалада өз арманын жүзеге асыра алатынын сезіпті. Осы түс оған үлкен сабақ болды. Ол оянған соң мақсат қойып, уақытының әр минутын бағалауға тырысты. Айдос жаман әдеттен аулақ болып, біліміне мән берді. Ол өзінің болашағы тек өз таңдауы мен еңбегіне байланысты екенін түсінді. Содан бері ол табанды болып, арманына адал жүрді. Уақыт өте келе Айдос айналасына үлгі болатын азаматқа айналды. Оның өмірі саналы шешімдермен толықты. Бұл ертегі әр оқушыға дұрыс таңдау жасаудың маңызын ұғындырады. Себебі таңдау тағдырды қалыптастырады, ал тағдыр адамды шыңдайды. Сондықтан әр қадамды ойланып басу қажет. Өмірде жарық жолдытаңдаған жан ұтылмайды.

Айару Қалдыбай,
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы,
№3 мектеп-интернатының
8-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!