Эксаумақтық соттылық 2021 жылғы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Азаматтық процестік кодекстің 32-бабында дәйектелгендей, эксаумақтық соттылыққа байланысты шешім істі сот талқылауына дайындық кезінде қабылдануы тиіс. Жоғарыдағы заңдық норманы жүзеге асыру механизмі Жоғарғы Сот тарапынан жасалған алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады. Осы нормада көрсетілгендей, сот талқылауына дайындық кезінде азаматтық істі екі тараптың келісімін ала отырып республиканың басқа аймағындағы соттың қарауына ұсынуға болады. Тек бұл сот дәл осындай істерді қарауы тиіс.
Судья азаматтық іс қозғағаннан кейін оны сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарған кезде онда тараптардың эксаумақтық соттылықты қолдану мүмкіндігін түсіндіреді. Ал тараптар болса өз құқықтарын пайдалана отырып, істі аумақтан тыс соттылықты қолдану туралы өтінішхат келтіре алады.
Эксаумақтық соттылық дегеніміз не деген сұрақ туындайтыны анық. Қазіргі таңда сотқа келіп түскен істі IT-жүйе автоматты түрде сол соттың нақты бір судьясына бөледі. Енді сот талқылауына дайындау барысында тараптар аумақтан тыс соттылықты қолдану туралы жазбаша арызбен жүгінген жағдайда істерді республикадағы барлық соттар арасында бөлуге мүмкіндік бар. Істерді бөлу барысында автоматтандырылған жүйе жүктемесі неғұрлым аз соттардың бірін таңдайды.
Енді тараптар өзара келісім бойынша талап қою кезінде, сондай-ақ соттың іс жүргізуіндегі істер бойынша да сот талқылауына дайындық сатысында аумақтық соттылықты өзгерте алады.
С.Б.Бегімбетов, Шиелі аудандық сотының сот әкімшісінің бас маманы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!