Интернет тарифтерінің қымбаттағаны барлығымызға белгілі. Тіпті қандай тарифтің тиімді екенін де түсібей қалдық. Бір айға деп есептеп берген гигабайт аз күннің ішінде таусылып қалады. Интернетсіз жұмыстың өнбейтінін түсінген халық шағымын әлеуметтік желіде жарыса жазуда. Байланыс операторларының қымбат тарифтерінен мезі болған тұрғындар қай операторға жүгінерін білмейді. Шынымен тарифтің тиімдісі қайсы?
Смартфонға телмірген заманда бір адамда қос-қос телефон мен екі-үш нөмірден бар. Телефон тек байланыс құралы ғана емес, «Керегіңді алдыңнан, іздемей-ақ тауып беретін» заманның озық технологиясы болып отыр. Соған орай оператор да көп. Олардың ішінде ең көп таралғаны – Актив,Билайн, Теле2 операторлары. Енді мынаған назар аударсақ. Қазақстан ТМД елдері ішіндегі ұялы байланыс құны ең қымбат ел екенін Ресейдің тәуелсіз «ComNews Research» зерттеу орталығы көрсеткен. Сонымен қатар дәл сол компанияның «Қазақстанның аймақтарындағы ұялы байланыс қызметтерінің құны» тақырыбындағы зерттеулерінің нәтижелеріне сәйкес, ең қымбат ұялы байланыс Kcell (GSM Kazakhstan операторы) болып шықты.
–Менүшін тариф үлкен мәселе. Теле 2-ні де, билайнды да көрдім. Жақында активке де қосылдым. Бірақ ешқайсысы көңілімнен шығар емес. «Қазақтелеком» АҚ үйдегі интернетке қосып берген нөмерін пайдаланып келемін, бірақ бір айға деп жоспарлаған тарифі 10 күнге жетпей таусылып қалады. Жауапты мамандардан сұрағанымда берілген мөлшерді пайдаланғанымды айтып, ақылы түрде тағы да тарифке қосып беретінн жеткізді. Сөйтіп актив дұрыс па деп ауысып едім, желіге қосылу қиын болды, – дейді тұтынушы Айдын Мұрат.
Көбіне елдегі ахуал, жаңалықтар жайлы әлеуметтік желі арқылы хабар аламыз. Инстаграм, фейсбук, телеграм желілерін күнделікті пайдаланамыз. Оның барлығына қанша гигабайт кетеді, ал «шексіз» тарифін таңдар болсаңыз, қалтаңыз тағы қағыладлы. Бәрін ақылы қылып қойған абонементтердің ұсынатын тарифі әртүрлі. Мәселен, активте ең төменгі тариф құны – 2590 теңге. Оның үстіне 6 гб-қа беріледі. «Шексіз» интернетті пайдаланғыңыз келсе, 4990 теңге төлеуге тура келеді. Ал алтел 2690 теңге мен 3790 теңге аралығында шығын сұрайды. Десе де басқа операторлармен байланысты қосымша қаржыға сатып аласыз. Өзге операторларға 60 минут 300 теңге, 120 минут 600 теңге.
– Анамның телефонын уақытша интернетке қосу керек болды. Өзім билайнның «жарқын жағында өмір сүріп» үйренгесін жолымнан жаңылмайын дедім.Операторына хабарласып отырып «Жарқын» тарифіне қостырдым. Бұрынғыдан қымбат. Негізгі құны 2590 теңге екен. 6 сәуір күні жеңілдікпен 1813 теңге болды, тариф 11 сәуірде бітті. Сондағысы бес-ақ күн.Ал өткенде өз нөміріме Теле2-нің тарифін сатып алып, айдың ортасына жетпей түгесілді. Сондада 2 мың теңгеге жуық салдым. Енді мынау. 4 мың теңгеге жуық ақша құмға сіңген судай.Гигабайт дегеннің тұсына түсінікті етіп бірдеңе жазу керек шығар. «Тәк, ютубты көп көре берме, ватсапта қонасың ба, өзің біл» деп пе, сондай, – дейді журналистНазерке Сәниязова.
Былтыр интернет тарифі 2,6, ал ұялы байланыс қызметі 1,7 пайызға қымбаттаған. Интернет ұсыну қызметі саласындағы телекоммуникациялық компаниялардың кірістері жыл ішінде 13,2 пайызға өсіп, 213,4 млрд теңгеге жетті. Бұл телеком нарығындағы қызметтердің жалпы көлемінің 37,2 пайызын құрайды. Дегенмен, ұялы байланыс қызметтері көлемі де өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға артып,151,7 млрд теңгеге жетіп отыр. Оның ішінде халыққа көрсетілетін ұялы байланыс қызметі ақшаға шаққанда жыл ішінде бірден 5,1 пайызға көбейіп, 108,1 млрд теңгеге жетті.
Мұнымен бітпейді. Биыл интернеттің бағасы 20 пайызға қымбаттауы мүмкін.Ол интернет ұсынушы компанияларға талаптың күшейтілуімен тікелей байланысты. Интернетпен қамтамасыз еткен компаниялар ұсынған желінің жылдамдығы кем дегенде 70% болуы керек. Енді байланыс сапасы жақсарса,интернет те қымбаттайды»,– дейді Билайн Қазақстанның бас атқарушы директоры Эвгени Настрадин.
ICRIAP бас сарапшысы алдағы уақытта жеңілдіктердің енгізілетін айтты. Ол қандай жеңілдік, кімдерге жүргізіледі деп ойландық. Бастысы, халық тиімділігін көре білсе. «Келесі бес жыл ішінде ұялы байланыс операторлары үшін радиожиілік спектрін пайдалануға салықтық жеңілдіктер енгізілуде. Жеңілдік 90 пайызға арзандады. Осы уақыт ішінде олар өте үлкен соманы үнемдейді және бұл қаражат желілерді дамытуға бағытталуы керек», – дейді Диас Түлегенов.
P.S«Күрделі шығындар, өз кезегінде соңғы тұтынушы үшін ұялы байланыс операторлары қызметтерінің қымбаттауына әкелуі мүмкін. Өзгерістердің бастамашысы – цифрлық даму министрлігі. Мемлекеттік орган мен бизнестің талаптары кеңейтілген алқа мәжілісінде талқыланды. Министрлік операторлар бағаны көтермесе ғана, жеңілдіктер жасауға дайын. Операторлар бүкіл ел бойынша мобильді интернеттің шекті жылдамдығына төтеп беру мүмкін емес деп сендіреді. Бұған базалық станцияны электрмен жабдықтаудағы үзілістер, абоненттердің қаладағы тұрақты қозғалысы және тіпті ауа райы әсер ететін көрінеді.
Мөлдір САБЫРЖАН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!