Республикалық «Қару» жедел іс-шарасы аясында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекеме жедел тобы мекеменің жедел бөлім қызметкерлерімен және Қызылорда ОПД КПБ-ның жедел қызметкерлерімен бірлесіп Қызылорда қалалық әуежайына барар тасжол бойындағы Жаңадария каналы көпірінің оң жағалауындағы ағаштың жанынан қызыл түсті полиэтилен пакетке оралып, жерге көмілген 18 дана мылтық оғы мен 40 дана тапанша оғы табылды. Аталған дерек бойынша сараптама тағайындалып, қазіргі таңда толық мән-жайы анықталуда.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!