Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының аймақтардағы елдімекендерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша тапсырмасын орындау шеңберінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, оған жастар мен волонтерлік ұйымдар белсенді қатысуда. «Таза өлке» деп аталатын бірінші аптаның қорытындысы бойынша 181,7 мың адам қатысқан 1,6 мыңнан астам іс-шара өтті.
Атап айтқанда, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында экологиялық акциялар ұйымдастырылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!