Ертеде кең де көркем Жарық қала болыпты. Бұл қалада адамдар денсаулықты ең үлкен байлық деп санап, балаларды кішкентайынан спортқа, білімге және дұрыс өмір сүруге тәрбиелеген екен. Қаланың ауасы таза, адамдарының жүзінен үнемі сенім мен қуаныш байқалып тұратын.

Осы қалада Ержан есімді он төрт жастағы бала өмір сүріпті. Ол футбол ойнағанды жақсы көріп, болашақта мықты спортшы болуды армандайтын. Ержан бос уақытын жаттығумен өткізіп, өз мақсатына жету үшін көп еңбектенетін.

Бір күні мектептен қайтып келе жатқанда, Ержанға белгісіз бір Қара сыбыр жолығыпты. Ол бәсең дауыспен:
— Шаршадың ғой, мен саған тез жеңілдік сыйлаймын, — деп азғырады.

Ержан бір сәтке ойланып қалады. Бірақ дәл сол кезде оныңесіне ата-анасы мен мұғалімдерінің сөздері түседі: денсаулықты жоғалту — болашақты жоғалту.

Ол Қара сыбырға ермей, спорт алаңына бет алады.

Уақыт өте келе Ержан шыдамды, өзіне сенімді, жігерлі бала болып өседі. Ол достарына үлгі болып, оларды да дұрысжолды таңдауға шақырады. Ал Қара сыбыр ешкімді алдайалмаған соң, біржола жоғалып кетеді.

Содан бері Жарық қалада мынадай нақыл сөз айтылатынболған екен:
«Таза таңдау — жарқын болашақтың бастауы».

Қасым Әлихан,
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы,
№3 мектеп-интернатының
7-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!