Қала аумағында санитарлық тазалық талаптарының сақталуын бақылау мақсатында қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топпен рейд шаралары жүргізді.
Кезекті рейд барысында Т. Жүргенов, Әбілхайыр хан және А. Иманов көшелері бойындағы бірқатар кәсіпкерлік нысан аумағында тазалық талаптарының сақталмау деректері анықталды. Аталған кәсіпкерлерге «Қызылорда тазалығы» мекемесі мен учаскелік полиция инспекторы тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту берілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес тиісті хаттамалар толтырылды. Аталған бағыттағы бақылау шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!