Есірткі – ғасыр дерті. Ол – адам санасын улап, адамдық болмысынан айыратын ғасыр тажалы.

Бұрын есірткі туралы әңгімелер сирек айтылатын, тек өзге елдерде ғана болатын сияқты еді. Ал, қазір біздің елімізде де көбейіп, күнделікті әңгімеге айналып бара жатқаны өкінішті. Қаншама адамдар осы есірткіні пайдаланып, өз өмірін қор қылып жатса да, тыйым болмай тұрғаны өкінішті.

Мен саған есірткі және оның адам баласына тигізетін көл-көсір зияны туралы айтып берейін: Есірткіні қызық үшін деп бір рет пайдаланып көрген адам өмір бақи сол есірткінің құлы болғанын аңғармай да қалады. Содан кейін екінші рет, одан үшінші рет пайдаланады, сөйтіп еріксіз есірткінің тұтқынына айналады. Есірткіні пайдаланған адамның санасы тұманданып, өзгелер түгілі өз жақындары, яғни бір отбасындағы адамдардың өзі жат бола бастайды. Есірткі сатып алу үшін кез келген нәрсені, тіпті отбасындағы адамдарды да құрбан етуден тайынбайды. Әкесі мен жарық дүние сыйлаған анасын, бауырларын есірткінің жолында сатып кетеді. Өз үйін өзі ұрлайды, кәдеге жарайтын заттарын сатады. Ақырында адамгершіліктен ада болып, азғынға айналады. Ол өзінің күнделікті өмір дағдысынан айрылады, бұрынғы өмірі мүлдем басқа арнаға өзгереді.

Менің жас достарым, адам қалпында қалу үшін, денсаулығы мықты, парасатты адам болу үшін саламатты өмір салтын сақта! Дұрыс жолды таңда!

Айғаным АМАНҚОСОВА,

№27 орта мектептің

8 сынып оқушысы,

Қармақшы ауданы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!