24 қараша күні Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру, құқықтық мәдениетті дамыту мақсатында кездесу өтті. ТЕDх форматында өткен жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Тұраров Рашид Ғаниұлы, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиал басшысы Бақтыбаева Ляззат Шайзадақызы және облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, “Рухани жаңғыру” орталығының бөлім басшысы Шакизат Қаратайұлы кездесу өткізді.

Кездесуде елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық дамуы жоғарғы деңгейге көтеретін, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екендігі түсіндірілді.

Кездесу Агенттіктің кешенді жоспары негізінде ұйымдастырылды. Кешенді жоспардың мақсаты қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық мәдениетін ілгерлету болып табылады.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында видеороликтер көрсетілді.

Ерсін ШАМШАДИН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!