Көктем – көркемдігімен көз тартатын нәзікжандылардың мерекесімен мәнді мезгіл. Демек, жастық жалынын қызметке арнап, алтын уақытын сенімді ақтауға сарп ететін Хамит Жансая Мансұрқызы туралы ақтарылсақ артық емес. Әділет кіші сержанты ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің арнайы есепке алу бөлімінде есеп технигі қызметін атқарып жүр.

Таңдауы тынымсыз еңбек жолына тоғыстырғанына көңілі тоқ. Бас көтермей жұмыс істейтін сәтте де Жансая Мансұрқызының меселі қайтпайтынының дәлелі сол. Иә, жиырма жастағы арудың қызметке орналасқанына бір жылдың бедері болған. Жылдар жылыстай бере, тегеурінді мамандықтың тереңіне бойлап, маңдай терін төгеріне титтей де күмән жоқ.

Оның мығым мінезі мызғымас тәртіптің негізі бола алады. Төрт жыл бойы дзюдомен айналысқаны бойында төзімділік қалыптастырған сыңайлы. Мұндай арудың шыңдарды бағындырары шындық.

Мақсаты – кәсіби деңгейін арттырып, саланың көш басына ілесу. Осы ретте, Жансая Мансұрқызының жолы даңғыл болсын дейміз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!