Фото: видеодан скриншот
Астаналықтар тегін донер үшін төрт көшені жауып тастады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Танымал блогер Олжас Қайрат Астанада жарнама жасаймын деп, төрт көшеде қозғалыстың шектелуіне себеп болған. Блогер желіде дәмхананың ашылуына орай «1000 донер тегін таратылады» деген жарнама жасаған. Алайда келушілер саны төрт есе көп болып, кезекке тұрған. Келушілерге донер емес, талон таратылған. Адами кептелісті ретке келтіру үшін тәртіп сақшылары шақыртылған. Кейіннен блогер келеңсіздік үшін кешірім сұрап, ұйымдастырушылардың қонақтармен суретке түсуге рұқсат бермей қойғанын айтып ақталды.
«Осылай болып кетеді деп ойламадық. Бұл жағдай жоспардан тыс болды. Мен үшін келгендіктен, барлығымен суретке түскім келді. Алайда маған рұқсат бермеді. Кешірім сұраймын», – деді Олжас Қайрат.
Қалалық полиция департаменті ұйымдастырушылардың тұлғасын анықтап, жеке кәсіп иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!