Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің негізгі міндеті техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу және зергерлік бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік саясатты іске асырады.

Департаментпен 2024 жылы мемлекеттік қадағалау және бақылау функциясына сай барлығы 240 мемлекеттік бақылау тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 213 тексеруде бұзушылықтар анықталған. Бұл туралы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қарсақбаев мәлімдеді.

– Тексерулер қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді. Сонымен қатар, департаментпен әкімшілік құқық бұзушылық туралы 33 әкімшілік іс қаралды. Жүргізілген тексерулер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сай, нақты бұзушылықтар туралы әртүрлі көздерден алынған ақпараттар арқылы бармай профилактикалық бақылау тексерулері, ал басқа тексерулер құқық қорғау органдарының тапсырмасына сәйкес жүргізілген. Сондай-ақ, жыл ішінде Департаментпен бақылау сатып алу бағдарламасы аясында бюджет қаржысына 11 дана өнім үлгілері сатып алынып, сынақтар өткізу үшін аккредиттелген сынақ зертханасына жолданды. Сынақтар нәтижесінде сатып алынған бензин өнімдері техникалық регламент талаптарына сай келді, ал сатып алынған 3 түрлі мұздатқыш сұйықтықтары техникалық регламент талаптарына кристалдану көрсеткіші және таңбалау талаптары бойынша сай келмейтіні анықталып, оларды сатуға тиым салу туралы қаулы шығарылып, айналыстан алынып тасталды,- деді Бауыржан Бақытбекұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!