Қаржылық мониторинг агенттігі «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісінің аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді немесе жымқырды деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Агенттік мәліметінше бұрынғы бас есепшінің заңсыз иемденген қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған. 

“ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаментімен мекеменің бұрынғы бас есепшісі квазимемлекеттік сектор қызметкері бола тұра, 2021 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы мамыр аралығында салық төлеу желеуімен төлем құжаттарына жалған ақпараты енгізу арқылы жеке тұлғалардың есеп-шоттарына серіктестік қаражатын аударып, кейіннен өзіне қайтарып алғаны анықталды”, – делінген ақпаратта. 

Бас есепші серіктестікке 225 миллион теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірген. Бүгінгі таңда тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!