Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде режим және күзет бөлімінің ұйымдастыруымен мекеменің режимдік аумағына яғни, камераларға тінту жұмыстары жүргізілді.

Жалпы жыл басынан бері мекемеде 690 рет тінту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жоспарлы түрде – 646 рет, жоспардан тыс – 41 рет,  жаппай тінту жұмыстары – 3 рет өткізілді.

Тиым салынған заттар, бұйымдар, құжаттар т.б секілді заттарды тәркілеу мақсатында, 2014 жылғы 5 шілдедегі «ҚР Қылмыстық-атқару кодексі» № 234-V 17-тарау 98-бабы, ҚР ІІМ-нің 2017 жылғы «ҚАЖ тергеу изоляторының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы» №505 бұйрығының 9-тарауы, ҚР ІІМ-нің 20-ақпанындағы 2017 жылғы «ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жіті тексеру мен тінту жүргізу қағидаларын бекіту туралы» заңы бойынша тінту жұмыстарын атқарады.

Камераларды тінтіп-тексеру барысында, артық матрас, жамылғы, жастық тыс секілді заттар табылды. Тиым салынған заттардың алдын-алу мақсатында 1-ші бақылау өткізу бекетінде арнайы рентген құрылғылары мен мекеме қызметкерлері үздіксіз жұмыстар атқарады.  Рентген аппараты арқылы өткізілген әрбір келушер мен сәлем-сауқат арасынан тиым салынған зат табылған жағдайда дереу басшылық құрам мен жедел бөлім қызметкерлеріне хабар беріледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!