Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан төрт азамат жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шығады. Осыған орай, мекеме психолог маманы бостандыққа баулу мақсатында «Бостандыққа дейінгі менің өмірім, менің болашағым» атты тақырыпта психологиялық тренинг өткізді.
–Бостандыққа шығайын деп отырған төрт азаматтың бірі Е есімді азамат. 2013 жылы жаза басып тергеу мекемесіне келгеннен бастап, жеке қабылдауымда өткізіп, психологиялық тұрғыда өзін жоғалтып алмау мақсатында жеке сөйлесетінмін. Және де мал ұрлау актісі бойынша жаза басқан азаматтарды да жеке қабылдап, психологиялық қолдау көрсетіп келемін. Сотталған азаматтар ішке келіп түскеннен бастап, босатылу мерзіміне дейін олармен түрлі психологиялық форматта тренинг, іс-шаралар, жеке сөйлесулер ұйымдастырамыз. Себебі, темірторға түскеніне өкініп, өмірге деген талпыныстары жоғалудың алдын-аламыз. Босатылу мерзімі жақындаған уақытта бостандықта өмір сүру дағдысын яғни, еркін өмірге шыққаннан кейін туған-туыстарымен қарым-қатынасын суытпау мақсатында тренинг өткіземіз- деді АКАӘПТЖБ-нің аға психологы, әділет капитаны Айзат Мырзалы.
Психолог маманының айтуы бойынша, жазасын өтеп жатқан Е есімді азамат 2013 жылы тергеу мекемесіне бірнеше баппен яғни, 257-бабы 2-тармағы, 256-бабы 2-тармағы, 24-бабы, 1-тармағы, 252-бабы, 2-тармағының 2-пункті (Терррористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілген. Жеті жыл ішінде жазасын өтеуші азамат оқшаулау аймағында ұсталған. Қалған үш жазасын өтеуші азаматтар мал ұрлау актісі бойынша сот үкімі шығып, темірторда жазасын өтеп жатыр.
–Бірнеше жыл осы тар қапаста өмір сүріп, жасаған қателігім үшін өкінемін. Бала-шағамды, жұбайымды, ата-анамды сағындым. Адам қателікті жасаймын деп жасамайды, сондай сәтте өзіміздің не істегенімізді білмей шалт басып қаламыз. Еркін өмірге шыққаннан кейін ең алдымен, отбасыммен қауышып, туыстарыммен көрісіп сағынышымды басып аламын. Отбасымды асырау үшін жақсы жұмысқа орналасып, қаражат табамын. Бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірімде аяғымды аңдап басып, жақсы өмір сүруге талпынамын- деді, босатылу күні жақындаған азаматтар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!