Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 68 мекемесінің бастығы Ильясов Қайырбек Есентайұлы мекеменің ардагері Бисенбин Болат Әжімбекұлын қарттар күні мерекесімен құттықтап, сала ардагеріне азық-түлік корзинасын табыстады. Бұл мереке-қарт адамдарға олардың жасы туралы еске салу емес, соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлер мен қарт адамдарға көп жылдық адал еңбегі, бай өмірлік тәжірибесі, мейірімділігі мен даналығы үшін алғыс айтуға тамаша мүмкіндік.

-Бүгінгі мереке қарсаңында өзіңіздей ардагермен жұмыс жасағанымызға қуаныштымыз. Сіздердей ардагер қарттарымыздың жолын қуып, үлгі аларымыз көп. Жас ұрпақ сіздердей антына адал, еліне аянбай тер төгіп, еңбек жолында сіздердей сала ардагері болса екен дейміз,- деді 68 мекемесінің бастығы әділет майоры Ильясов Қайырбек Есентайұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!