Жуырда Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан «TikTok»-тың жастарға кері әсерін атап, оны шектеуді ұсынды. Ол соңғы екі жылда Қазақстанда 14,1 миллион адам TikTok-қа тіркелгенін айтты. Бұл мәселе қоғамда қызу пікірталас ту-дырып отыр.
«TikTok» – жастар арасында ең танымал әлеуметтік желілердің бірі. Ол адамдарға өз шығармашылығын көрсетуге, пайдалы ақпарат таратуға және табыс табуға мүмкіндік береді.
Мысалы, 14 жастағы Айкүміс Серікқызы бұл платформаны саналы қолданатынын айтады.
– Мен TikTok-ты тек көңіл көтеру үшін ғана емес, пайдалы лайфхактар үйрену үшін де қолданамын. Онда оқу, уақытты тиімді пайдалану, тіпті тіл үйрену туралы да керемет видеолар бар. Әрине қажетсіз контент те кездеседі, бірақ оны көрмеуге болады. TikTok-ты жапқанша, адамдарға оны дұрыс қолдануды үйреткен дұрыс деп ойлаймын, – деді ол.
Дегенмен оның теріс тұстары да жоқ емес. Мысалы киберқауіпсіздік, психологиялық мәселе мен құн-дылықтар тақырыбы «майшаммен» қаралуы керек.
Дүниежүзінде TikTok-қа қатысты әртүрлі шаралар қолға алынуда. АҚШ пен Еуропа елдерінде мемлекеттік қызметкерлерге «TikTok» қол да нуға тыйым салынса, Үндістан оны мүлдем бұғаттап тастады. Қазақ станда мұндай шектеу тиімді бола ма? Егер TikTok жа-былса, жастар басқа платформаларға ауысып кетпей ме? Бұл да бір сауал.
«Жастар TikTok-та көп уақыт өткізіп, виртуалды әлемге тәуелді болып барады. Бұл олардың назарын шоғырландыру қабілетін төмендетіп, шынайы өмірдегі қарым-қатынасты әлсіретуі мүмкін» деп пікір білдірді психолог Самал Бейсен.
Ата-аналар да алаңдаулы.
– Менің балам TikTok-тан түрлі трендтерді көріп, соған еліктейді. Кейбір видеолар шынымен де пайдасыз, тіпті зиян болуы мүмкін. Ойы тек сол видеодар жүреді. Ерте ұйықтауды, режимді ұмытты. Бірақ біздің де кінәміз бар. Себебі ата-аналар балаларын бақылап, оларға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіндіріп отыруы керек, – деді 46 жастағы тұрғын Айгүл Меңдібай.
Өткен жылы да депутат Ерлан Саиров балалар «TikTok» арқылы тәрбиеленіп жатқанын айтып, алаң-даушылық білдірген еді.
«Түрлі ойындарды жарнамалау, он-лайн казино, стримдер арқылы әдепсіз әрекеттер көрсету, тіпті суицидке шақыру, былапыт сөздер мен бейәдеп көріністерге толы рилс-тар да осы TikTok арқылы таралып жатыр. Олар-ды балалар тек қарап қана қоймай, зорлық-зомбылықтың құрбаны болып, ойынқұмарлық дертіне ұшырауда. Хайп қуып, пранк деген желеумен ар-ұяттан аттау әдетке айналды» дейді депутат.
Әлеуметтік желілерді реттеу қазір әлемдегі өзекті мәселеге айнал-ды. Қазақстанда «TikTok»-қа шек-теу қойыла ма, жоқ па – бұл уақыт еншісінде. Бастысы жастардың интернетті саналы түрде пайдалануын қалыптастыру.
Динара РОЛАНҚЫЗЫ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!