Еліміз егемендігін алған сәттен бастап, мемлекеттік тілді дамыту аясында бірқатар іс-шаралар атқарылып, тіл саясаты бойынша тұжырымдамалар қабылданды.
Тіл – тарихи құндылық, ұлттың жаны, әрі ары. Қазақ халқы қаншама қиын-қыстау кезеңін бастан өткерсе де, атадан мирас болып келе жатқан ана тілімізді қастерлеген. Бұл туралы Абай атамыз: «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, білмеске арзан, надандар бәһрә ала алмас» – деп тіл құдіретін жырласа, өз заманында алаш арысы Ахмет Байтұрсынов: «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл», – деп, қаһарман Бауыржан Момышұлы: «Тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері», – деген болатын.
Жалпы, мемлекетімізде тіл мәртебесі «Қазақстан Республикасының тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі ҚР Заңымен реттелген.
Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға, барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға, қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.
«Қазақстан республикасындағы тіл туралы» заңының 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлі, мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы» деп нақты көрсетілген.
Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Н.Бисембаева
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман – сот отырысының хатшысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!