Бұрындары да Төрештің мас күйіндегі суреті желіге тараған болатын. Бірақ бұл жолы ол Айқын Төлепберген түсіріп жатқан кинода ішіп алған адамның рөлін сомдады.
Әріптестерінен қалмайын деді ме, Айқын Төлепберген де енді кинематография саласында өзін сынап көрмек екен. Әнші жігіт романтикалық комедия жанрында фильм түсірді. Актер әрі продюсер ретінде өзін сынап көруге бел буған Айқын түсірген фильмнің премьерасы өткен жылдың 9 сәуірінде болатын. Әлемді әбігерге салған пандемия кесірінен пемьера уақыты әзірге белгісіз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!