Әнші Төреғали Төреәли қосымша бірнеше күн қамауға алынды. Бұл туралы Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Соттың мәліметінше, әртіс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 613-бабының 1-бөлігі «полиция қызметкерінің талаптарын орындамау» бойынша жауапқа тартылды. Іс сотқа 16 маусымда келіп түсіп, бүгін 21 маусымда қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және істің өзге де материалдары дұрыс ресімделгені атап өтілді. Оны жауапқа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлар анықталған жоқ. Өтініштер мен қарсылық білдірулер де түскен жоқ. Іс видео-конференциялық байланыс арқылы қаралды. Сот ісін жүргізу тілі – орыс тілі. 

“Іс материалдарын зерделеп, сот 14 маусымда Әлихановтың (Төреғали Төреәлидің тегі – авт) есірткі мас күйінде 111 ALI11 мемлекеттік тіркеу нөмірі бар Lexus LX570 маркалы автокөлікті басқарғанын анықтады. Майлин көшесімен 216 үйге қарама – қарсы солтүстік бағытта келе жатып, ол патрульдік полицияның көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарды орындамады», – делінген сот хабарламасында.

Нәтижесінде Төреғали Төреәли кінәлі деп танылып, оған үш тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылады. Айта кету керек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің осы бабы бойынша 40 АЕК (120 мың теңгеден астам) айыппұл немесе үш тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген. Ол нәтижесінде 23 күн қамауға алынуы керек.

Бұған дейін Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық кодекстің 308-бабы «Билік өкілін қорлау» бойынша қылмыстық іс тіркелгені белгілі болды.

Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Бірақ әншінің адвокаты оны ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. Кейін бұл жағдайға өнердегі әріптестері пікір білдірген еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!