Фото: instagram.com/dina.toreali

Дина Төреәлі желіні шулатқан «1001 гүл» оқиғасын қайырымдылықпен аяқтап, көшедегі қыз-келіншектерге таратып, жақсы көңіл-күй сыйлады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

31 шілде күні әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәліге белгісіз біреуден гүл келген. Оның күйеуі бұл тосынсыйға аса жақсы қарамаған еді. Артынша тосынсый жіберген адам блогер Ая Әжібек болып шықты.

Дина Төреәлі 1001 гүлді үйінде ұстамай, алматылық қыздарға таратып беретін болып шешкен. 

«Құр солып қалғанша, көп адамға эмоция сыйлап таратып тастайық деп шештік», – деді блогер Ая Әжібек.

Кейін Дина Төреәлі мен Ая Әжібек көшеге шығып, көп қызға құшақ-құшақ гүл таратып берді. Гүл алғандар қатты қуанып, қабыл алды, бата-тілектерін арнады. Олардың сыйына сенбей, таңғалғандар да кездесті. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!