18 маусымда таңертең Атырау – Ақтөбе трассасында Lada Priora және Yutong автобусы соқтығысып, бір отбасынан алты адам қаза болған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі полиция таратқан ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан 1985ж.т., 2013ж.т., 2016ж.т., 2019ж.т., 2021ж.т., жолаушылары оқиға орнында қаза болып, Lada Priora автокөлігінің 1982ж.т., жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасында алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапты.
Қаза тапқандар төрт баласы бар ерлі-зайыптылар, яғни бір отбасы.
Аталған факті бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Автобуста отырған жолаушылардың жағдайы айтылмайды. Жол апатына ұшырағандардың аты-жөндері де хабарланған жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!