Наурыздың нұрлы мерекесінде ақмаңдай арулар туралы толғанбасақ әбестік болар. Он сегіз жасында байыпты байламға келіп, батыл қадам жасаған әділет қатарындағы Гүлсезім Мұхитқызының мақсаты айқын. Ол бүгінде ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде режим және күзет бөлімі ақпарат және байланыс тобының бақылаушысы болып іске кіріскен.

Істен ілік, шешімнен шикілік шықпаса шен мен құрметтің қатар келері ақиқат. Сондықтан, мәртебелі мамандықтың маңызын түсінген Гүлсезім Мұхитқызының жетер жетістігі жоғары болады деп сенеміз. Бес ай уақыт ішінде міндетін адал атқаруға тырысып жүргені сөзімізге тұздық.

Жапония арқылы жер жүзіне тараған каратэні білмейтін адам кемде-кем. Бұл жекпе-жек өнері – өз-өзін жетілдіру мен жеңіске жетудің жолын жалғайды. Гүлсезім Мұхитқызы қызметтен қолы қалт еткенде каратэ үйірмесіне қарай асығады. Қызығушылығының өмірлік мысалмен астасып жатқанының өзі бекер емес.

Мақсаты – болашағының іргетасын берік қалап, мансаптық жолда жігерім мұқалмаса дейді. Заң мен тәртіп тоғысқан қызметтің қиындығы мен қызығын көтеруге әзір.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!