Ақтөбе облысында БҚО-ның бір топ педагогі таксимен жол апатына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
орта мектебінде дефектолог болып жұмыс істеген. Бірінші маусымнан бастап әріптестері сияқты ол да еңбек демалысында болған. Әйелдің үш баласы қалды.
Ақтөбелік дәрігерлер 27 жастағы Аяжан Мыңжасарованың өмірі үшін күресуде. Ол №5 ЖОББМ-де логопед болып жұмыс істейді және екі күнге өз есебінен демалыс беру туралы өтініш жазған. Туыстарының айтуынша, қыз ауыр жағдайда.
46 жастағы Бибігүл Мұрсанова да Қобда ауруханасында. Педагог-дефектолог бірінші маусымнан бастап еңбек демалысында болды. Әйелдің қолы сынған, жағдайы тұрақты.
Lada Largus көлігін 27 жастағы ер адам жүргізген. Дәрігерлер оған мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, оң иықтың көгерген жарасы, оң жақ тізенің ашық сынуы диагнозын қойды.
1 маусым күні таңертең Қобда ауданындағы Самара-Шымкент тас жолында апат болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!