Фото: Ақорда

Президент жарлығымен Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетов марапатталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Президент жарлығымен Қазақстан Республикасының теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды», – деп жазылған хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!