Тоқаев қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Мемлекет басшысы Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді тапсырды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ президент тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізу мәселесі бойынша қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру қажет екені атап өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!