Мемлекет басшысы әнші, КСРО-ның халық әртісі Роза Бағланованың есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Касым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.

«2022 жылдың 1 қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Ол – Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы. Майдан даласында ән салған Р.Бағланова қазіргі күнге дейін еліміздегі және шетелдегі ән сүйер қауым арасында кеңінен танымал. Оның есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым»,- делінген хабарламада.

Роза Бағланова 1922 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келген. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Ол 1955 жылы Қазақстанның және 1967 жылы бұрынғы КСРО халық артисі, 1996 жылы Халық қаһарманы атағын алған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!