Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев тәлібтердің Қазақстанның террорлық ұйымдар тізімінен алынып тасталғанын айтып, Ауғанстанмен байланысты нығайту стратегиясын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиында Ауғанстандағы жағдайға айрықша тоқталып, қазіргі кезеңдегі стратегиялық міндеттердің бірі – өңіраралық байланыстарды нығайту екенін алға тартты. 

“Қазақстан тәлібтер режимін террорлық ұйымдар тізімінен алып тастады. Өйткені қазіргі Ауғанстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту маңызды әрі бүгінгі режим ұзақмерзімді фактор болады деп ойлаймыз. Бұл мәселеде ҰҚШҰ-ға мүше елдердің өзара келісілген ұстанымы болуы керек”, – деді Тоқаев.  

Президент Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі заманның сын-қатерлеріне қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар ҰҚШҰ күш-жігерін ұйым жарғысына сәйкес мүше мемлекеттер үшін барынша өзекті әрі тиісті жұмыс бағыттарына жұмылдыруды ұсынды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!