Қазанда Бішкекте өтетін ТМД елдерінің саммитінде орыс тілін насихаттайтын ұйым құру мәселесі қаралатын болады деп хабарлады Orda.kz.

Бұл туралы бүгін Минск қаласында ТМД-дағы Ресейдің тұрақты өкілі Андрей Грозов мәлімдеді.

«Құжаттарды әзірлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Енді ТМД-ға мүше елдер мемлекетішілік процедураларды жылдам аяқтап, жобаны 13 қазанда өтетін саммитке ұсынады деп үміттенеміз», – деді Грозов.

Оның пікірінше, орыс тілін насихаттаумен айналысатын халықаралық ұйым өз алдына бөлек құрылым болып қалыптасады. Оның мақсаты – орыстың тілін өзге елдер арасында дамытып, мемлекеттер арасындағы ынтамақтастықты нығайту болмақ.

Акта кету керек, орыс тілін өзге елдерде насихаттайтын ұйым құру туралы идеяны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қазан айында Астанада өткен ТМД елдерінің саммитінде мәлімдеген болатын. Бұл идеяны Владимир Путин дереу қолдады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!