Сурет  Polisia.kz-тен

Шымкентте бойжеткенмен әлеуметтік желіде танысқан жігіт оған “тосын сый жасаймын” деп пәтерге апарып қарақшылық жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

Қала тұрғыны бірнеше күн бұрын интернетте танысқан жігітпен сөйлескен. Жігіт қызға тосын сый дайындағанын айтып, көзін байлап, пәтерге алдап кіргізген. Кейін қыздың қолын байлап, ас үй пышағымен қорқытып, оны онлайн шағын несиеге өтініш беруге мәжбүрлеген.

“Қаскүнем ақшаны дереу есепшотына аудартып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жігіт бірнеше сағаттың ішінде қаладағы Арбатта ұсталды . Ол жақында ғана мегаполиске ақша табу мақсатында келген Орал қаласының тұрғыны болып шықты”,- делінген хабарламада. 

Күдікті ізін суытпай УҰИ-ға қамалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!