Коллаж: Sn.kz

Бизнес-тренер Аманжол Рысмендиев тағы елді елең еткізді. Бұл жолы ол тренингіне қатысқан қыз-келіншектерді қып-қызыл шоқ үстінен жүргізген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде бизнес-тренердің әйелдерді шоқ үстімен жүргізіп тұрған сәті түсірілген видео тарады. Әлі видеоны желіге Жасмин Ашимова есімді кісі жариялаған.

Ол кезекті тренигтерінің бірінде әйелдер қауымын отпен жүргізген. 

«Ағамыздың курстары рухани жігерімді жинақтап, еш нәрседен қорықпауға, жігерлі болуға үйретті», – деп видеосын желіге жүктеген.

Оны көрген көпшілік таңдана және күле қараған.

«Тозаққа дайындап жатқандай», «Құйқаның иісі шығып кетті», «Әйтеуір әр нәрсеге сене беретін қазағым», «Адамдар соншалықты тупой ма?», «Индийский кино түсірейін деп жатыр ма?» деп желідегілер пікір жазған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!