АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп өз жақтастарына сөйлеген сөзінде үш қылмыстық іс бойынша жалпы 561 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Жемқор әділет министрі қисық Джо маған тағы да заңсыз айып тағып отыр. Мәліметтер бойынша, мен 561 жыл түрмеде отырамын. Бұл алты өмір. Бірақ кімде кім басқа адамды алты өмірлік мерзімге түрмеге отырғызғысы келсе, ол өзінің қорқақтығын көрсетеді», – деді Дональд Трамп.

Трамп өз жақтастарын «Американың тиранияға түсуіне бейбіт түрде қарсы тұруға» шақырды. Өзінің сайлау науқанында көмек қолын созуды өтінді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Дональд Трампқа 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелерін жоймақ болғаны үшін ресми түрде айып тағылғаны туралы жазған едік. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!