фото: dishcuss.com
Түн ортасында шаңсорғыш, кір жуғыш машина, шаш кептіргіш қосып, көршіңіздің тыныштығын бұзсаңыз айыппұл арқалайсыз. Түнде үй жинаймын деп шаңсорғыш қосып, көршілерінің мазасын алғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Заңнамаға сәйкес, жұмыс күндері кешкі 22:00-ден бастап таңғы 9-ға дейін тұрғындар тыныштық сақтауы керек. Ал демалыс күндері 23:00-ден таңғы 10:00-ге дейін шу көтеруге болмайды. Тіпті шаңсорғыш пен кір жуғыш машина қосып, шаш кептіргіш құрал қолдансаңыз да әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз.
Көршілеріңіз үстіңізден арыз жазса, 20 мың теңге айыппұл төлейсіз. Жағдай қайталанса, сома 39 мың теңгеге өседі. Ал заңды тұлғалар бірінші рет 118 мың теңге төлесе, екінші рет 785 мың теңгесін санап береді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!