Ертеде Бөген деген ауыл болыпты, ол жер берекелі жарық ауыл екен. Бұл ауыл өте бір-біріне қамқор, арманшыл, балалары ақкөңіл болған екен. Олар білімге құштар болыпты. Бірақ сол балалардың ішінде Диас деген білімді зерек бала болған екен. Ол спортты, елдің пайдасын ойлап жүретін мықты азамат болуды армандайды екен. Бір күні ауылға Түнек деген жаман ниетті адам келіпті. Ол балаларға есірткіні мақтап ол сендерге қуаныш әкеледі деп балаларды алдап оны ұсынған екен. Сол кезде Диас күмәнмен қарайды. Диас оны күні-түні ізденіп зерттейді, ол оның жаман нәрсе екенін біліп ауылдың ақсақалы Бүркіт атаға барады. Бүркіт ата балаларды жинап не екенін түсіндіреді. Ол адамды құртатын у, ол денсаулыққа зиян деп ақыл-кеңесін айтады. Диас өз достарын жинап бақыт білімде, еңбекте және таза өмірді түсіндіреді. Сол кезде балалар Түнектің сөзіне ермей ауылдан қуып шығып, әрі қарай зиян жолға түспеу керек екенін балалар біліп әрі қарай бақытты өмір сүре береді екен.
Болатбекқызы Әнел, № 292 орта мектебінің 6-сынып оқушысы, Қызылорда облысы, Арал қаласы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
