Жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу мақсатында Қызылорда облысында 2025 жылдың қаңтар айының 30-ы мен 2 ақпан аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс шарасы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – заңды өкілдердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс жүрген, алкогольдік ішімдіктер пайдаланатын кәмелетке толмағандарды анықтау, оларда қару және шанышпалы-кесетін заттарды алып жүру фактілерін анықтауға басты назар аудара отырып, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың жолын кесу. Сондай-ақ, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерделей отырып, заңды өкілдермен әңгімелесу жүргізу, қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру арқылы рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру болып табылады.
Қызылорда КПБ ЖПҚб ЮП бөлімі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!