Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бойынша Көліктегі ПД нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылғы шілде айының 17 мен 19-шы жұлдызы аралығында Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет ету аймағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды ескерту және алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алуға негізделген.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 442-бабына сәйкес, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін, ал тұрғынжайдан тыс жерлерде 23:00-ден 06:00-ге дейін жүруге тыйым салынады. Ол үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілкке тартылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!