Сивас Шукур Гюнай: Әйел үш баласымен түтінге уланып, тіпті тыныс ала алмай тұрғанын бірден көзім шалды.

Сивас Шукур Гюнай Ақкент маңындағы құрлыс алаңында  электрик болып жұмыс істейді. Ол өрт түтінін көргеннен өзгелер сияқты жұмысын тастай салып, 16- қабатты үй жаққа жүгірген. Бірден көзіне үш баласын ерткен әйел кісі түседі. Олар 16-қабатта не істерлерін білмей абдырап тұрған, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

«Олар көк түтінге тұншығып, тыныс ала алмай тұрды. Әйелдің қолында 2 айлық шақалақ болды. Мен кранның 16-шы қабатқа көтеріле алмайтынын білдім. Баспалдақпен көтеріліп құтқару қауіпті екенін түсініп тұрмын. Сол себепті бірден шынжырмен көтеріліп, үш баланы жерге түсірдім. Достарыма алғыс айтамын, олар да қарап қалмай, көмек қолын созды. Мен балаларды көргенде ойланып тұруға уақытым болмады. Өзімнің екі қызым бар. Сол себепті бірден тәуекелге бел буып, алдыға қарай жүгірдім»,-дейді ер адам.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!