БҰҰ Түркияның барлық ресми құжаттағы республика атауын өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Republic of Turkey (Түркия Республикасы) Republic of Türkiye болып өзгертілді», деді Дюжаррик. Оның айтуынша, аталған өзгеріс түрік билігі өтінім білдірген соң бірден күшіне енген. «Ел атауының қысқа нұсқасы енді Turkey емес, Türkiye болады. Дегенмен алфавит бойынша Түркияның орны өзгермейді», деп қосты Дюжаррик. Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлы Twitter -де түсіндіргендей, Түркия атауының жазбаша нұсқасын өзгерту Анкараның «елдің халықаралық аренадағы беделін арттыруға» бағытталған қадамдарының бір бөлігі ретінде қабылданған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!