Бүгін «Мәдени мұра» халықаралық жобасы аясында Түркия Республикасының Жастар және спорт министрлігінен келген делегация облыстық жастар орталығының ғимаратына келіп, орталық қызметімен танысты.
Делегация құрамында Анталия қаласының жастар орталығының басшысы, қызметкерлері мен белсенді, ерікті жастары бар.
Кездесу нәтежесінде екі ел жастары арасында алдағы уақытта бірлескен үлкен жобаларымызды жүргізуге және мамандарымыздың тәжірибе және біліктілігін арттыру мақсатында өзара келісім жасалды.
Кездесу соңында барлық қонақтарға өңіріміздің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін кітап кәделер сыйға тартылып, естелік суреттерге түсті.
Кездесуге қолдау көрсеткен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне ерекше алғысымызды білдіреміз!
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!