Түркия шетелдіктерге тұруға рұқсат беруді шектеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл шешімді Anadolu жазды. Министрдің айтуынша, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап Түркияның әр ауданында шетелдіктер 20 пайыздан аспауы қажет. Мигранттарды қоныстандыру үшін шамамен 1,2 мың тұрғын үй жабылады. Бұл Түркиядан пана іздеген адамдарға да әсер етеді.

Сонымен қатар, шенеунік заңсыз көші-қонның жолы кесілетінін айтты.

«Шекарада Түркияға 2 626 170 адамның кіруіне жол бермедік және кейінгі алты жыл ішінде ел ішінен 1 246 000 иммигрантты ұстадық», – деді Сүлейман Сойлу.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!