Түркияда із-түзсіз жоғалып кеткен қазақстандық студент бірнеше күннен бері іздестірілген болатын. Жаңа ғана журналист Гүлмира Әбіқай инстаграм парақшасына Рауанның аман-есен табылғанын жеткізді.
Қазақстандық студент Измирдегі «Dokuz Eylul University» университетінде білім алған.
Жоғалған студенттің туыстары айтқандай, ол курстастарымен 2022 жылдың 22 қазанында кешкісін жергілікті мекемеде кешкі ас ішу үшін университет қалашығынан шыққан. Рауанның курстастарының айтуынша, олар мекемеден шыққан кезде Рауан смартфонының жоғалғанын біліп, ғимаратқа қайта кірген, бірақ ол жақтан қайтып оралмаған.
Арада аз уақыт өткеннен кейін курстастары оның артынан барғанмен, Рауанды таппай, кампусқа қайтқан. Рауан сол күйі оралмағаны айтылған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!